аннотация
«Ұлытау-нама» — автордың әр жылдары жарық көрген тарихи-танымдық мақалалары мен зерттеу сипатындағы жазбалары топтастырылған жинақ. Кітапта Ұлытау өңірінің көне дәуірден бүгінге дейінгі тарихы, ел жадында сақталған аңыз-әпсаналар, шежірелік деректер, ортағасырлық қалалар мен кесенелер, тарихи тұлғалар және мәдени мұра мәселелері қамтылады.
Жинақ оқырманды Ұлытаудың терең тарихымен, дала өркениетінің сабақтастығымен және ұлт жадындағы қасиетті мекеннің рухани мәнімен таныстырады.

