6+
Wikipedia guide for beginners

Объем: 26 бумажных стр.

Формат: epub, fb2, pdfRead, mobi

Подробнее

Құрметті оқырман!

Білім — ұлттың баға жетпес қазынасы. Ал оны жинақтап, жүйелеп, көпшілікке қолжетімді ету — баршамыздың ортақ міндетіміз. Осы мақсатта Қазақша Уикипедия пайда болып, бүгінде мыңдаған мақаладан тұратын үлкен энциклопедияға айналды. Бірақ білім шексіз, ал оны толықтырып, дамыту үнемі үздіксіз еңбекті қажет етеді.

Бұл кітап — сіздің Уикипедиядағы алғашқы қадамдарыңызға бағыт-бағдар беретін құрал. Уикипедия — тек энциклопедия ғана емес, сонымен қатар еріктілердің ортақ еңбегінің нәтижесі, ашық білім алаңы. Мұнда әр адам өз білімімен бөлісіп, жаңа мақалалар жазып, бар ақпаратты толықтырып, тіл мен ғылымды дамытуға үлес қоса алады.

Қазақша Уикипедияны дамыту — қазақ тіліндегі сапалы әрі сенімді ақпараттың қолжетімді болуына жол ашады. Біздің тарихымызды, мәдениетімізді, әдебиетімізді, ғылымымызды ғаламдық деңгейде танытуға мүмкіндік береді. Сондықтан әрбіріңізді осы игі іске атсалысып, өз біліміңізбен бөлісуге шақырамыз.

Білім — бөліскен сайын көбейетін байлық. Келіңіз, бірге жазайық, бірге үйренейік, бірге дамытайық!

Ізгі ниетпен,

Сариев Ербол

Қазақша уикипедияда мақала жазу, өңдеу және қауымдастықпен толыққанды жұмыс істеу үшін тіркелу өте маңызды. тіркелу арқылы сіз өз үлесіңізді сақтап, өңдеулеріңізді бақылап, басқа қатысушылармен байланыс орната аласыз

Тіркелу қадамдары:

— Уикипедия сайтына кіріңіз.

— Жоғарғы оң жақ бұрыштағы «Тіркелу» (Регистрация) батырмасын басыңыз.

— Қолданушы атын таңдаңыз.

— Латын әріптерімен немесе қазақша атау таңдауға болады.

— Қолданушы аты қысқа әрі есте қаларлық болғаны дұрыс.

— Құпиясөз (пароль) орнатыңыз. Қауіпсіздік үшін күрделі құпиясөз қолданыңыз.

— Құпиясөзді ұмытпас үшін қауіпсіз жерге сақтап қойыңыз.

— Электрондық поштаңызды енгізіңіз (міндетті емес, бірақ ұсынылады). Егер құпиясөзіңізді ұмытып қалсаңыз, поштаны енгізу оны қалпына келтіруге көмектеседі.

— Тіркелуді аяқтап, Уикипедияда жұмыс істеуді бастаңыз!

Тіркелудің артықшылықтары:

*  Барлық өңдеулеріңіз жеке статистика ретінде сақталады.

*  Басқа қатысушылармен пікір алмаса аласыз.

*  Бетбелгілер жасау және мақалалар тізімін бақылау мүмкіндігі.

*  Уикипедия қауымдастығына толыққанды мүше боласыз.

Қазақша Уикипедияда өз үлесіңізді қосып, білімді дамытуға атсалысыңыз!

Маңызды!

Өз қолданушы есіміңіздің өзге қолданушыларға түсінікті, балағат сөздерсіз және мүмкіндігінше сіздің аты-жөніңізді қамтығанына көз жеткізіңіз.

ҚАЗАҚША УИКИПЕДИЯНЫҢ БАСТЫ БЕТІ ҚОЛДАНУШЫЛАРҒА ЫҢҒАЙЛЫ БОЛУ ҮШІН ЖҮЙЕЛЕНГЕН ҚҰРЫЛЫМҒА ИЕ. ОЛ БІРНЕШЕ НЕГІЗГІ БӨЛІМДЕРДЕН ТҰРАДЫ

Жоғарғы мәзір (Навигация панелі)

* Іздеу жолағы — Басты беттің жоғарғы оң жақ бөлігінде орналасқан. Мұнда кез келген тақырыпты енгізіп, қажетті мақаланы табуға болады.

* Басты бет — Уикипедияның басты бетіне жылдам оралу үшін қолданылады.

* Қауым портал — Жаңа қатысушыларға арналған ақпарат, Уикипедия ережелері мен нұсқаулықтары.

* Талқылау — Қатысушылар мақалалар бойынша пікір алмаса алатын бөлім.

* Оқу, Өңдеу, Көзіңді қарау — Әр мақаланы оқу, өңдеу немесе бет тарихын қарау мүмкіндігі.

Сол жақ мәзір (Бүйірлік панель)

Мазмұн бөлімі — Мұнда «Жаңа мақалалар», «Кездейсоқ мақала» және «Таңдаулы мақалалар» сілтемелері бар.

Қауымдастық бөлімі — Қатысушыларға арналған көмекші беттер: ережелер, пікірталас беттері, статистика.

Құралдар бөлімі — Бұл бөлімде «Арнайы беттер», «Беттің сілтемелері», «Басып шығару нұсқасы» сияқты пайдалы құралдар бар.

Тақырыпты таңдау

* Ережеге сай болуы — Уикипедияда маңызды әрі сенімді дереккөздермен расталған тақырыптар ғана жазылады.

* Қайталау болмауы — Ұсынылған тақырып бойынша мақала бар-жоғын тексеру үшін іздеу жолағын пайдаланыңыз.

Маңызды!

Уикипедияда бүгінгі күні бар мақалаларды қайта жазуға тыйым салынған. Ол екі бірдей мақалалардың пайда болуының алдын алу мақсатында жасалған амал.

Егер Уикипедияда сіздің жазуға ниеттелген мақала бойынша ұқсайтын мақала болған жағдайда, сол мақаланың ішіне тақырыпша ретінде енгізу қажет. Мысалы, «Абай Құнанбайұлы» және «Абай Құнанбайұлы өмірбаяны» мақалалары бөлек мақала ретінде Уикипедияға енгізіле алмайды. Қазіргі уақытта бар «Абай Құнанбайұлы» мақаласын негізге ала отырып, сіздің жазғыңыз келген «Абай Құнанбайұлы өмірбаяны» бөлімі сол мақалаға өңдеу, яғни тақырып (ша) ретінде енгізілуі тиіс екенін ұмытпаңыз.

Жалпы Уикипедия энциклопедиясы кез келген мақалаларды жаңа ақпарат көзі ретінде қабылдауға дайын. Дегенмен де, мақаланың керекті ақпараттарға ие болып, бірнеше бөлімдерге бөлінетіндей екендігіне көз жеткізіңіз.

МАҚАЛА БАСТАУДЫҢ БІРНЕШЕ ӘДІСТЕРІ

1-әдіс: Тікелей іздеу арқылы

— . Іздеу жолағына мақалаңыздың атауын енгізіңіз.

— . Егер мұндай мақала болмаса, «Бұл атаумен бет жоқ, сіз оны құра аласыз» деген сілтеме шығады. Соған басыңыз.

2-әдіс: Қызыл сілтеме арқылы

1. Басқа мақалалардан қызыл түспен көрінетін сілтемені тауып, соны басу арқылы жаңа мақаланы бастауға болады.

3-әдіс: Қолмен сілтеме енгізу

— Мекенжай жолағына мынадай сілтемені жазыңыз:

kk.wikipedia.org/wiki/Мақала_атауы

— Enter пернесін басып, жаңа мақала бетіне өтіңіз.

Түсіндірме

Аталмыш 3-інші әдістің өзіңізге ыңғайлысын таңдап алуыңызға болады. Кез келген әдіспен жазылған мақаланың соңғы нұсқасы бірдей болатындықтан, оқырман үшін айырмашылығы жоқ.

Жеке менің тәжірибем бойынша 1-інші әдісті қолдануды сіздерге ұсыныс берер едім. Ол әдістің ең үлкен артықшылығы — ұқсас мақалалардың көрсетілуі. Сіз іздеу жолағына өз тақырыбыңды жазған кезде ұқсас мақалалар шығып, сіздің мақалаңыз жеке мақала болуға лайықты ма немесе бір мақаланың бөлімі болуы керек па деген сұрақтарға жауап таба аласыз.

ӘР МАҚАЛА УИКИПЕДИЯНЫҢ ЖАЛПЫ СТАНДАРТТАРЫНА СӘЙКЕС БОЛУЫ КЕРЕК

Кіріспе бөлімі

— Тақырыпты қысқаша түсіндіретін алғашқы абзац.

— Мақаланың негізгі мағынасын қамтып, оның маңыздылығын көрсетуі керек.

Негізгі бөлімдер

— Тарихы — Егер мақала тарихи тұлға, ұйым немесе оқиға туралы болса.

— Қызметі/Ерекшеліктері — Зерттеу нысаны, өнім немесе тұжырымдама болса.

— Қолданылуы — Егер техника, термин немесе ғылым саласына қатысты мақала болса.

— Дереккөздер — Сенімді ақпарат көздері көрсетілуі керек.

Дереккөздер мен сілтемелер

— Мақалаңыздағы ақпаратты сенімді дереккөздермен дәлелдеңіз.

— Кітаптар, ғылыми мақалалар, ресми веб-сайттар қолданған жөн.

Санаттар мен интеруики сілтемелері

— Мақалаңызды тиісті санатқа қосу үшін төменде [[Санат: Тақырып атауы]] деп жазыңыз.

— Басқа тілдердегі нұсқаларын көрсету үшін [[en: Article_Title]] секілді сілтемелерді пайдаланыңыз.

КЕЛЕСІ БЕТТЕРДЕ ТОЛЫҒЫРАҚ…

ӘР БӨЛІМГЕ ЖЕКЕ ТҮСІНДІРМЕ

Кіріспе бөлімі

Кез келген Уикипедияда жазылған мақалада кіріспе бөлімінің болуы шарт. Сіз бірден бөлімшелерге кірісіп кете алмайсыз.

Мысалы, Абай Құнанбайұлы мақаласында автор Абай туралы кішігіріп ақпарат берген соң ғана, «Қысқаша шолу» атты бөлімге өткен. Сіз де өз тақырыбыңыз турасында алдымен кішігірім (кем дегенде 2—3 сөйлем) ақпарат беріп, ары қарай бөлімдерге өте беруіңізге болады.

ӘР БӨЛІМГЕ ЖЕКЕ ТҮСІНДІРМЕ

Негізгі бөлімдер

Тақырыбыңыз турасында кіріспе бөлімінде кішігірім ақпарат берген соң, сіз негізгі бөлімге өтіп, көбірек ақпарат бере аласыз. Ол үшін сіз жалпы ақпараттарыңызды жүйелеуіңіз шарт.

Параграфтарға және бөлімдерге бөлінбеген үлкен 30 сөйлемнен тұратын ақпаратты оқу ыңғайлы ма, әлде бірнеше бөлімге бөлінген, оқырманға оқуға ыңғайлы ақпараттар желісі ыңғайлы ма? Ойланып көріңіз…

Ақпаратты бірнеше бөлімдерге бөлген соң, негізгі бөлімді жазуды бастай берсеңіз болады. Уикипедияда бөлім және ары қарай бірнеше сатылы бөлімшелер бар. Сондықтан өңырман ыңғайына қарап бөлімдерге бөлуді әдетке айландырыңыз.

Бесплатный фрагмент закончился.

Купите книгу, чтобы продолжить чтение.