аннотация
Аталған шығармада жергілікті бюрократиямен куресте өзінің бұрынғы ауылдас таныстары мен жора-жолдастарының арасынан өзіне жақтас ешкімді таба алмай күйзеліске түскен қарапайым фермердің басындағы жалғыздық кәдімгі өмірден алынған коллизиялар арқылы бейнеленеді.
Енді осындай әлеуметтік психологиялық тығырыққа тірелген кейіпкер «Осы өмірдің мәні неде сонда» деген секілді сонау Адам ата мен Хауа анадан бері адамзаттың соңынан бір қалмай келе жатқан мәңгілік сауалдарға жауап іздеп, алас ұрады.