Исмаилова Камилия Рашитовна — Семей қаласындағы Балет мектебінің негізін қалаушы, «Балалар әлемі» халықаралық мәдени орталығының төрайымы, хореограф-педагог, психолог. Татарстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Қазақстан халқы бірлігі» алтын медалінің иегері. 30 жылдан астам уақыт балаларды балет арқылы тәрбиелеуге арнаған.