«Бақдәулет Ибрагимов — қарапайым әке. Бұл кітапты ол ең қымбат байлығы — қызы Кәусар үшін жазды. «Әке жүрегінен қыз жүрегіне» еңбегінде әрбір ата-анаға таныс сезімдер: махаббат, қамқорлық, үміт пен өсиет тоғысқан. Бұл тек бір әкенің қызына арнаған аманаты ғана емес, сонымен қатар әрбір қыз баласы үшін жүрекке жетерлік ой қалдыратын шығарма.»